Grand Tour Biathlon : Щучинскте жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы биатлоннан ҚР Чемпионатының төртінші кезеңі басталды

Бүгін Щучинсктегі Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы биатлоннан ҚР Чемпионатының төртінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Қазақстан Биатлоншылар Одағының баспасөз қызметі.
Grand Tour Biathlon : Щучинскте жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы биатлоннан ҚР Чемпионатының төртінші кезеңі басталды
Жарысқа Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстары мен Алматы қаласынан 160-қа жуық бала қатысуда. Ресми ашылу салтанатында Қазақстан Биатлоншылар Одағы атынан жарыстың үш қысқы кезеңінің қорытындысы бойынша Норвегияда өтетін Liatoppen festival қатысушылары таныстырылып, оларға федерация тарапынан спорттық киім табысталды. Жарыстың алғашқы күні жас биатлоншылар спринт сайысында бақ сынады. Бірінші бәсекеде топ жарған спортшылар тізімі мынадай:
2009-2010 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында
 1 орын-Небогатова Варвара (ШҚО) 
 2 орын-Хафизова Альбина (Ақмола обл)
 3 орын-Афанасьева Ангелина (ШҚО)
 
2009-2010 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында 
1 орын-Дудченко Никита (ШҚО)
2 орын-Колбышев Роман (Абай обл) 
3 орын-Ветригов Руслан (Ақмола обл)

2011-2013 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында 
1 орын -Крашкевич Ксения (Павлодар обл)
2 орын -Жигулина София (Ақмола обл)
3 орын -Тимофеева Эвелина (Павлодар обл)  

2011-2013 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында 
1 орын -Тажибаев Арын (БҚО) 
2 орын -Базелинский Илиан (Қостанай) 
3 орын-Чирвин Денис (Қарағанды)
 

Кері байланыс

  • БЗО «Қазақстан Биатлонистер Одағы»
  • Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 11/5 7 қабат, 707 кеңсе
  • Баспасөз қызметі: +7 771 688 2747
  • E-mail: kzbiathlonunion@gmail.com
© 2024 Барлық құқықтар қорғалған