Grand Tour Biathlon: Астананың Орталық саябағында нағыз балалар фестивалі өтті

Астананың орталық саябағында алғаш рет балалар биатлон фестивалі өтті. Бүгін Grand Tour Biathlon жарысының барлық кезең бойынша жеңімпаздарының есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Федерацияның баспасөз қызметі.
Grand Tour Biathlon: Астананың Орталық саябағында нағыз балалар фестивалі өтті

Өткен қысқы маусымның басында Қазақстан Биатлоншылар Одағы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы биатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогы мен Чемпионаттарының форматын өзгертті. Қазір мерген шаңғышылар жарысы  "Grand Tour Biathlon" брендімен өтеді және 4 қысқы, 2 жазғы кезеңнен тұрады. Жаңа формат ересектер арасындағы Әлем кубогының кезеңдеріне барынша ұқсастырылған, онда аралық көшбасшылар келесі кезеңдерде қызыл жейдемен өнер көрсетеді, ал жалпы көшбасшылар сары жейдемен марапатталады.

"Grand Tour Biathlon" бірінші кезеңі Шығыс Қазақстан облысы, Риддерде ұйымдастырылды, екінші кезең алғаш рет Батыс Қазақстан облысында, Ақсайда, үшінші кезең Павлодарда, төртінші кезең Щучинск қаласында, бесінші кезең Петропавлда және финалдық, шешуші кезең Астананың Орталық саябағында өтті.

Елордада өткен жарысқа еліміздің 7 өңірінен 100-ге жуық бала қатысты. Екі күн қатарынан жас биатлоншылар спринттік және жеке жарыстарда бақ сынасты. Мерекеде жарыстың ресми ашылу салтанаты, биатлон жанкүйерлерімен ұтыс ойындар, федерация тарапынан сыйлықтар, тегін балмұздақ пен сусын ұйымдастырылды. Маусым жеңімпаздарына хрусталді кубоктар, сондай-ақ 15 млн теңгеге ақшалай сертификаттар табыс етілді.

2009-2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы спринтте бірінші орынды Никита Дудченко, ал екінші орынды Евгений Полторанин иеленді. Құрметті үшінші орын Егор Немцевке бұйырды. Қыздар арасында Варвара Небогатова, одан кейін Ангелина Афанасьева, ал үздік үштікті Хафизова Альбина аяқтады. Кіші жасөспірімдер арасында спринт жеңімпазы Денис Чирвин, екінші орын Тәжібаев Арын, ал үшінші орын Вячеслав Дымовских иеленді. Кіші қыздар арасында Эвелина Тимофеева жеңіске жетті, одан кейін Ксения Крашкевич, ал үшінші болып мәреге Елена Токмянина жетті.

Жеке жарыста жасөспірімдер шаңғы роллермен жарысты және бәйге өте тартысты өтті. Себебі, оның нәтижесі рейтингтік ұпайға әсер етеді. Жасөспірім ұлдар арасында Евгений Полторанин жеңімпаз атанды. Екінші орынға Немцев Егор, үздік үштікті Дудченко Никита қорытындылады. Жасөспірім қыздар арасында Афанасьева Ангелина, оның ізімен Небогатова Варвара, ал үшінші орынға Хафизова Альбина ие болды.

Кіші жасөспірімдер арасында жеке жарыста Райханов Дамир топ жарды, оның артынан Тажибаев Арын, үшінші болып  Дымовских Вячеслав мәреге жетті. Кіші жасөспірім қыздар арасынан Тимофеева Эвелина бірінші,  Крашкевич Ксения екінші,  Елена Токмянина үшінші орынды иеленді.

Екі күн бойы балалардың қауіпсіздігі үшін орналасқан жерлерінен жарыс өтетін Орталық саябаққа дейін трансфер, жарыстың демеушісі "Galmart" компаниясынан минералды су және балмұздақ таратылды. Сонымен қатар, биатлоншылар және жанкүйерлерімізге естелік болып қалуы үшін арнайы фотобудка орнатылды.

Ең қызықты сәт жарыс аяқталғаннан кейін басталды. Жеке жарыстан кейін шамамен 1 сағат ішінде төрешілер барлық ұпайларды санап, сол бойынша рейтинг жасап, жалпы маусым үздіктерінің есімін атады.  2011-2013 жылы туған кіші жасөпірім ұлдар арасында Батыс Қазақстан облысының тумасы Тажибаев Арын чемпион атанды. Айта кетейік, Ақсай өңірінде биатлон секциясының ашылғанына екі ақ жыл болғанына қарамастан Арын барлық алты кезеңде де топ жарып, хрусталді кубоктың иегері атанды.

2011-2013 жылы туған кіші жасөспірім қыздар арасында Павлодар облысынан Крашкевич Ксения хрусталді кубоктың иегері атанды. 2009-2011 жылы туған  жасөспірім ұлдар арасында Шығыс Қазақстан облысынан Немцев Егор үздік атанды. Ол жарыстың бірнеше дүркін көшбасшысы Никита Дудченкодан соңғы екі кезеңде жеңісті жұлып алды десек артық болмас. 2009-2011 жылы туған  жасөспірім қыздар арасында абсолютті чемпион Шығыс Қазақстандық Варвара Небогатова. Алда бұл чемпиондар Щучинскте өтетін халықаралық балалар лагеріне қатысады.

Әр кезеңдегі жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арналған сыйлықтардан, Норвегиядағы балалар фестиваліне биатлоншылардың сапарларынан және жалпы көшбасшыларға арналған хрусталді кубоктардан бөлек, Федерация Grand Tour Biathlon жарысына қатысқан 5 аймаққа ақшалай сертификаттар дайындады. Жеңімпаздар барлық 6 кезеңнің қорытындысы бойынша анықталды.

1 орын және 3 500 000 теңгелік сертификат иегерлері-  Ақмола облысы

2 орын және 2 500 000 теңгелік сертификат иегерлері-Павлодар облысы

3 орын және 1 500 000 теңгелік сертификат иегерлері- Шығыс Қазақстан облысы

4 орын және 1 000 000 теңгелік сертификат иегерлері-Солтүстік Қазақстан облысы

5 орын және 700 000 теңгелік сертификат иегерлері- Абай облысы

"Grand Tour Biathlon" - Балалар спортын дамыту және елімізде биатлонды насихаттауға бағытталған Қазақстан биатлоншылар Одағының үлкен жобасы. Осы жоба аясында Федерацияның бастамасымен және Астана қаласы спорт басқармасының қолдауымен, елордалық 9-11 жас аралығындағы балалар енді қаланың Орталық саябағында биатлонмен тегін айналысуға мүмкіндік алды. Біз барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және жас биатлоншылар мен олардың ата-аналарына, жаттықтырушыларына, төрешілерге, серіктестерімізге, жарысты ұйымдастыруға көмектескен еріктілерге және осы қозғалыстың бір бөлігі болған әр адамға алғысымызды білдіреміз. Grand Tour Biathlon-отандық биатлон бренді!

Спортты сүйіңіз, биатлонға жанкүйер болыңыз!


Кері байланыс

  • БЗО «Қазақстан Биатлонистер Одағы»
  • Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 11/5 7 қабат, 707 кеңсе
  • Баспасөз қызметі: +7 771 688 2747
  • E-mail: kzbiathlonunion@gmail.com
© 2024 Барлық құқықтар қорғалған