Grand Tour Biathlon: балалар спортын дамытуға арналған ауқымды жоба бастау алды

Бүгін Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернет-колледжі базасында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы басталды. Енді бұл жарыс жаңа "Grand Tour Biathlon" деген атауға ие. 4 қысқы, 2 жазғы кезеңдерден тұратын ірі бәйге еліміздің 6 түрлі аймағында өтеді.
Grand Tour Biathlon: балалар спортын дамытуға арналған ауқымды жоба бастау алды

Қазақстан Биатлоншылар Одағының қолдауымен, рейтинг нәтижесі бойынша 2008-2010 жылдары туылған көшбасшы спортшылар 10-15 сәуір аралығында  Норвегияда өтетін фестивальге және 2024 жылдың қарашасында Словенияда өтетін IBU спорт лагерьіне жіберіледі.

Сонымен қатар, үздік деп танылған 3-5 командаға спорттық инвентарь алу үшін ақшалай сертификаттар табысталады.

Одан бөлек ,әр кезеңдегі спринт және жеке жарыс үздіктері жеңімпаз күртешесімен және арнайы Кубокпен марапатталады. Жарыстың жаңа форматы ересектер арасындағы Әлем Кубогының кезеңдеріне сәйкестендірілген.

Риддерде  бастау алған алғашқы кезеңге Ақмола,Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары және Алматы қаласынан 100-ден астам спортшы қатысуда.

Бірінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша спринт сайысынан үздіктер анықталды.


2009-2010 жылғы жасөспірімдер арасында:

1. Дудченко Никита (ШҚО, Риддер) 🥇

2. Свистич Роман (Павлодар обл) 🥈

3. Ручьев Кирилл (Алматы обл) 🥉


2011-2013 жылғы жасөспірімдер арасында:

1. Дымовских Вячеслав (Павлодар обл) 🥇

2. Кондауров Илья (Павлодар обл) 🥈

3. Тажибаев Арын (БҚО) 🥉


2009-2010 жылғы жасөспірім қыздар  арасында:

1. Небогатова Варвара (ШҚО,Риддер) 🥇 

2. Тудахунова Жанерке (БҚО) 🥈 

3. Афанасьева Ангелина (ШҚО, Риддер) 🥉 


2011-2013 жылғы жасөспірім қыздар  арасында:

1. Крашкевич Ксения (Павлодар обл) 🥇 

2. Жигулина София (Ақмола обл) 🥈 

3. Тимофеева Эвелина (Павлодар обл) 🥉 


Ертең жас биатлоншылар жеке жарыста бақ сынайды.

Жарыстың екінші кезеңі 2024 жылдың қаңтар айында Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласында өтеді.

Кері байланыс

  • БЗО «Қазақстан Биатлонистер Одағы»
  • Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 11/5 7 қабат, 707 кеңсе
  • Баспасөз қызметі: +7 771 688 2747
  • E-mail: kzbiathlonunion@gmail.com
© 2024 Барлық құқықтар қорғалған