ФИНАЛ: АСТАНАДА GRAND TOUR BIATHLON ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

Қазақстан биатлоншылар одағы 4-6 тамыз аралығында Астананың Орталық саябағында өтетін балалар мен жасөспірімдерге арналған Grand Tour Biathlon жобасының қорытынды кезеңіне барлық спорт жанкүйерлерін шақырады. Бұл - 2026 жылғы маусымның бесінші, қорытынды кезеңі әрі жобаның бүкіл тарихындағы ең ауқымды іс-шара.
ФИНАЛ: АСТАНАДА GRAND TOUR BIATHLON ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

Астанадағы кезеңде Қазақстанның биатлон спорты дамыған барлық 12 өңірінен келген 197 жас спортшы бақ сынайды. 2026 жылғы маусым бес кезеңді қамтыды: үшеуі - қысқы, екеуі - жазғы. Жарыс бағдарламасынан бөлек, қонақтар үшін фан-зона ұйымдастырылады.

6 тамызда қорытынды кезеңнің құрметті қонақтары болып биатлоннан 2010 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталева пен қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов қатысады.Олар жас спортшылар мен жанкүйерлерге арналған автограф-сессия өткізеді. Қорытынды кезең нәтижелері бойынша Федерация атынан үздік облыстарға ақшалай сертификаттар, хрустальді кубоктар және маусымның көшбасшы сары жейделері табыс етіледі. Grand Tour Biathlon жарыстары «Qaz Biathlon» YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Жоба туралы

Grand Tour Biathlon-Қазақстан биатлоншылар одағының елдегі балалар мен жасөспірімдер биатлонын дамытуға бағытталған басты жобасы. Жоба биатлон дамыған өңірлерді біріктіріп, жас спортшыларға жүйелі жарыс тәжірибесін береді және Қазақстанның ұлттық құрамасына резерв қалыптастырады.

Біздің миссиямыз - ұлттық құраманың мықты резервін жасақтау. Біз жас спортшыларға үздік жаттығу базасы мен халықаралық тәжірибе ұсына отырып, олардың бойында чемпиондық рухты тәрбиелейміз. Біздің мақсатымыз - 2030 және 2034 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан туын желбірететін чемпиондарды дайындау!

Жарыс бағдарламасы

  • 4 тамыз — ресми жаттығу

  • 5 тамыз — Спринт жарысы

  • 6 тамыз — Жекелей жарыс

  • 6 тамыз, сағат 18:00 - марапаттау рәсімі