Ербол Хамитов — Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері
Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара шаңғыдан қола жүлдегер атанды. Ол классикалық спринт жарысында 1500 м қашықтықты 2 минут 29 секундта бағындырды.

Алтын жүлдені қытай спортшысы Лю Цзысюй (2:28:9), ал екінші орынды Бразилия елінің спортшысы Кристиан Вестемайер Рибера иеленді. (2:29.6).
Дәл осы жарыста отандық спортшылардан Юрий Березин, Анна Грачева, Нурлан Алимов, Владислав Кобаль де бақ сынады. Алайда олар іріктеу кезеңнен өте алмады.



