Қостанайдағы биатлон рекорды: Grand Tour Biathlon кезеңіне еліміздің 12 аймағы жиналды

Жалпы алғанда, 170 жас атлет бақ сынасты. Жарыстың алғашқы күні спринт бағдарламасы бойынша өтті. Тартысты өткен сында жас мергендер келесідей нәтиже көрсетті:
2011–2012 ж.т. жасөспірімдер (ұлдар):
1-орын: Илиан Базелинский (Қостанай);
2-орын: Федор Карпачев (ШҚО);
3-орын: Виталий Зубарев (Петропавл).
2011–2012 ж.т. жасөспірімдер (қыздар):
1-орын: Эвелина Тимофеева (Павлодар);
2-орын: Татьяна Өмірзақова (Қостанай);
3-орын: Елена Токмянина (Қостанай).
2013–2015 ж.т. кіші топ (ұлдар):
Жеңіс тұғырының бірінші сатысына Рамиль Сәрсембаев көтерілсе, екінші және үшінші орындарды Геннадий Зонов пен Тимофей Булгаков өзара бөлісті.
2013–2015 ж.т. кіші топ (қыздар):
Жобаның екінші маусымының чемпионы, қостанайлық жас жұлдыз Варвара Дудина тағы да алтыннан алқа тақты. Күміс жүлде Виктория Романцоваға (ШҚО), ал қола Елизавета Алимоваға (СҚО) бұйырды.
Норвегияға жолдама: Liatoppen фестиваліне кімдер барады?
Кезеңнің ең толқынысты сәті - Норвегияға берілетін жолдама иегерлерін анықтау болды. Қазақстан биатлон федерациясы норвегиялық әріптестерімен ынтымақтастық аясында осымен үшінші жыл қатарынан үздік спортшыларды әлемдегі ең ірі Liatoppen биатлон фестиваліне жіберіп келеді.
Биылғы маусымда ерекше нәтиже көрсеткен 2011 жылғы төрт спортшы Норвегия еліне сапар шегеді:
- Илиан Базелинский (Қостанай облысы)
- Татьяна Өмірзақова (Қостанай облысы)
- Федор Карпачев (Шығыс Қазақстан облысы)
- Ксения Крашкевич (Павлодар облысы)
Аймақтардың рекордтық қатысуы Grand Tour Biathlon жобасының еліміздегі жас таланттарды шыңдайтын негізгі алаңға айналғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.



