Биатлонның отанына жолдама: Қостанай төрінде Grand Tour Biathlon жеңімпаздары анықталды

Алайда, бұл кезеңнің басты интригасы тек медалдар емес, биатлонның нағыз отаны – Норвегияға берілетін төрт жолдама болатын.
Екі күнге созылған тартысты спринт пен жекелеген жарыстардың қорытындысы бойынша төрешілер алқасы қысқы екі кезеңнің ортақ рейтингін шығарды. Нәтижесінде, 2011 жылы туған спортшылар арасында үздік атанған төрт биатлоншы халықаралық деңгейде ел намысын қорғау мүмкіндігіне ие болды.
Сонвмен, Норвегиядағы ең ауқымды балалар фестиваліне қатысатын спортшылар тізімі:
Илиан Базелинский (Қостанай облысы)
Татьяна Өмірзақова (Қостанай облысы)
Федор Карпачев (Шығыс Қазақстан облысы)
Ксения Крашкевич (Павлодар облысы)
Liatoppen: Әлемдік деңгейге нық қадам
Қазақстан биатлон федерациясының Норвегия биатлоншылар одағымен серіктестігі үшінші жыл қатарынан жемісін беріп келеді. Осы ынтымақтастықтың арқасында біздің жасөспірімдер әлемдегі ең ірі балалар фестивалі саналатын Liatoppen додасына қатысады. Бұл - жас спортшылар үшін тек жарыс емес, әлемдік тәжірибе алмасуға арналған бірегей мүмкіндік.



