Биатлоншылардың Рамзаудағы оқу-жаттығу жиыны аяқталды
Шаңғы жаттығулары
Дахштайн мұздығы – биіктіктегі орындалатын шаңғы жаттығулары үшін ерекше тартымды орын. Биылғы жылы Франция, Словакия, Украина, Италия және тағы да басқа биатлон көшбасшы елдерінің топтары мұздықта оқу-жаттығу жиындарын өткізді. 2700 метр биіктікте орналасқан мұздықта Альпі кеңістігінің таңғажайып көріністерінен басқа, биатлоншылар жаттығатын екі тегіс шаңғы трассасы бар. Біздің спортшылар мұздыққа жеті рет көтерілген соң, әр жаттығуда әртүрлі шаңғы техникаларын жетілдірумен айналысты. Биіктікте орындалатын жаттығулар спортшының гемоглобин деңгейін көтеруге, оттегінің максималды сіңірілуін арттыруға (бұл төзімділікті арттырады) және команданы көптеген халықаралық жарыстар өтетін биік таулы жағдайларға дайындауға көмектеседі.
Кешенді дайындық (роллер тебу + ату)
Кешенді дайындық жарыс шарттарына еліктейді – спортшылар роллер теуіп белгілі бір қашықтықты жүріп өтіп, атыс алаңына келіп, оқ ату шеберлігін шыңдайды. Орташа алғанда, бір жаттығу кезінде спортшылар 75 патрон пайдаланады, бұл ату алаңынан 15 рет өткенге тең. Спортшылардың оқ атуды жақсартқысы келетін позициясына байланысты бапкерлермен бірге оқу-жаттығу жоспары жасалады, соған сәйкес жаттығудың бір бөлігі жатып оқ атуға, ал екінші бөлігі тұрып атуға арналған. Атыс дағдысын жетілдіру сол үрдісті қайта-қайта орындауға байланысты болған соң, дене мұндай жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерінің қарқынды жұмысына әдеттену керек.
Сәтті ату спортшының психологиялық дайындығына да байланысты. Жарысқа жауапкершілікті сезіне отырып, спортшылар әрқашан толқыныс күйінде болады, сондықтан биатлоншылардың психологиялық дайындығын жақсарту маусымға дайындықтың ажырамас бөлігі болып табылады.
Медициналық тексеру
Сондай-ақ спортшыларымыз тредбан деп аталатын шаңғы тебу техникасын өңдеуге арналған құрылғыда жүктеменің қарқындылық аймақтарын және оттегінің максималды пайдалану шамасын анықтау үшін тексеруден өтті. Биатлоншылар роллер теуіп 3 км/сағ жылдамдығымен 4 минуттан біртіндеп жазықтықтан 9 градусқа көтеріледі. Тексеру аясында әрбір деңгейден өткеннен кейін спортшының жүрек соғу жиілігі, оттегінің максималды пайдалану шамасы, көмірқышқыл газының шығарындылары және қандағы лактаттың (сүт қышқылы) өлшемдері алынады. Лактат деңгейін өлшеу жаттығу бағдарламаларының тиімділігін, ең жоғары жүктемелерді және қалпына келу уақытын анықтауға көмектеседі. Лактат деңгейінің көрсеткіштеріне сүйене отырып, спортшыны дайындау әдістемесін дәл анықтауға болады.
Айтпақшы, бүкіл әлемде тредбан соншалықты көп емес - бұл қымбат, бірақ өте тиімді құрылғы, оның көмегімен шаңғы тебу техникасын сапалы түрде қалыптастыруға болады. Сондықтан, біздің команда Австрияда орналасқан осы құрылғыда жаттығу мүмкіндігін пайдаланды.
Күш жаттығулары
Роликті коньки мен шаңғыда жаттығудан басқа, спортшылар жаттығу залында өздерінің физикалық формасын дамытатыны да сөзсіз. Олар бүкіл дененің бұлшық еттерін - аяқтың, арқаның, қолдың және іштің бұлшықеттерін жаттықтыру үшін 8-10 түрлі жаттығулар жасайды. Жаттығулар арасында қысқа үзіліс бар екі жиынтықта орындалады.
Ол уақытта сервисмендер тобы мен құрама менеджері шаңғыларды таңдау үшін Salomon мен Fischer шаңғы өндірушілерінің зауыттарына барды. Шаңғылар әр спортшы үшін жеке таңдалады, сондықтан маусымға сәйкес жабдықты таңдау әсіресе маңызды. Сондай-ақ, біздің әріптестер патрондарды ату үшін көршілес Германияға да барып келді - олар жарыс өтетін жерге байланысты белгілі бір температурада спортшылардың жеке қарулары үшін ең жақсы патрондарды таңдады.
Рамзаудағы жиын роллерден шаңғыға ауысуға, сондай-ақ бірте-бірте жоғары биіктікке көтерілуге (спортшылар 1200 метр биіктікте өмір сүрді, кейде 2700 метр биіктігіне көтерілді) дайындайтын жиын болды.
Маусым басталар алдында құраманың соңғы аялдамасы – Италиядағы Ливиньо. Ливиньода биатлоншылар 2200 метр биіктігінде тұрып, жаттығу жасайды. Ары қарай спортшыларымыздың бір бөлігі Норвегиядағы Шушенға, IBU кубогындағы жарыстарға бағыт алса, екіншісі әлем кубогының алғаш жарыстарына қатысу үшін Контиолахтиға (Финляндия) аттанады. Біздің командаға осы маусымда сәттілік тілейміз және әрбір старттың нәтижесі алдыңғысынан жақсырақ болуына тілектеспіз!