Балқашинодағы рекорд: Grand Tour Biathlon-ның төртінші кезеңі басталды!

Жарыс нәтижелері:
2010-2011 жылы туған жасөспірімдер (4,8 км)
Бұл санатта нағыз секундтар үшін шайқас болды:
1-орын: Немцев Егор (ШҚО) -11:12.
2-орын: Ветригов Руслан (Балқашино) - небәрі 1 секундқа қалып қойды.
3-орын: Горбачевский Егор (Павлодар).
2010-2011 жылы туған қыздар
1-орын: Попкова Тамила (Ақмола облысы) - 13:26.
2-орын: Токмянина Елена (Қостанай облысы) -жеңімпаздан 2 секунд қана артта.
3-орын: Небогатова Варвара (ШҚО).
2012-2014 жылы туған кіші ұлдар
1-орын: Маликов Алишер (БҚО) - 09:54.
2-орын: Евланенков Дмитрий (Ақмола облысы).
3-орын: Пирог Андрей және Булгаков Тимофей (екеуі де бірдей нәтижемен қола жүлде иеленді).
2012-2014 жылы туған кіші қыздар
1-орын: Дудина Варвара (Қостанай).
2-орын: Приходько Дарья (Ақмола).
3-орын: Тихомирова Елизавета (ШҚО).
Ертең жас чемпиондар үшін - демалыс күні. Спортшылар келесі додаларға күш жинап, таулы аймақтың таза ауасында тынығады.
Біздің жас атлеттерді құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болсын!



