Балалар спортын дамыту бағдарламасы аясындағы құрал-жабдықтардың марапатталуы

26 ақпан мен 4 наурыз аралығында Алматыдағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде биатлоннан ҚР жастар чемпионаты өтуде. Іс-шараны ҰОК, ҚР Спорт және мәдениет министрлігі, және Қазақстан биатлоншылар одағы жастар спортын дамыту бағдарламасы аясында ұйымдастырды.
Балалар спортын дамыту бағдарламасы аясындағы құрал-жабдықтардың марапатталуы

Жарсықа Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарынан 100-ден астам жасөспірімдер мен жеткіншектер қатысады.

Бұл іс-шарада ҚБО тарапынан балалар және жеткіншектер спортын дамыту бағдарламасы аясында биатлон спорты дамып келе жатқан барлық облыстардың қатысушылар өкілдеріне биатлондық құрал-жабдықтары ресми түрде тапсырылғанын хабарлаймыз.

Соңғы бірнеше жыл бойы өңірлерге 200-ден астам шаңғы, таяқтар, арнайы аяқ-киім, 40-тан астам пневматикалық қару, барлық дерлік өңірлерге пневматикалық қондырғылар және 150-ден астам жазғы роллерлер таратылған болатын.

Балалар және жеткіншектер спортын дамыту - біз үшін түпкі мақсат болып табылады. Сондай-ақ, одағымыз балалар биатлонын дамытуды табысты және жемісті жүзеге асыру жолында алға ұмтылуға және жан-жақты қолдау көрсетуге міндеттенеді!