Жеткіншектер арасындағы Sports Camp

16-28 шілде аралығында қысқы спорт түрлерінен олимпиядалық даярлау орталығында Қырғызстаннан келген достарымызбен бірге жасөспірімдер мен жеткіншектер арасында спорттық лагерь өтуде! ⠀
Жеткіншектер арасындағы Sports Camp

 Қырғызстан жеткіншектер құрамасынан 5 және Қазақстаннан 20 спортшы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиядалық даярлау орталығының стадионында жаттығады.

« Sports Camp » атаулы шара ҚБО тарапынан жеткіншектер мен балалар спортын дамыту бағдарламасы аясында өткізіледі.
Сондай-ақ, Sports Camp аясында біздің биатлоншыларымыз үшін түрлі семинарлар ұйымдастырылады (олар туралы кейінірек толығырақ айтатын боламыз🤫).

Естеріңізге сала кетейік, ҚБО осы жазда балалар, жеткіншектер және жасөспірімдер арасындағы үлкен жарыстарды өткізеді!

📌28 шілде мен 4 тамыз аралығында балалар арасындағы ҚБО Кубогының екінші кезеңі Петропавл қ.
📌15-21 тамыз аралығында Павлодар қаласында ҚБО Кубогының үшінші кезеңі.

Сонымен қатар, Петропавл қаласында келесі жарыстар өтеді:

📌 28 шілде мен 3 тамыз аралығында жеткіншектер арасындағы ҚР жазғы Чемпионаты
📌3-9 тамыз аралығында жасөспірімдер арасындағы ҚР жазғы чемпионаты

Осы жылы ҚБО Кубогының бас демеушісі дәмді балмұздақ @dep_company компаниясы бізге қолдау көрсетеді

Жеткіншектер арасындағы Sports Camp