"Жасөспірімдер мен жеткіншектер арасындағы биатлоннан әлем чемпионаты" тақырыбындағы пресс-конференция өтті

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі базасында жасөспірімдер мен жеткіншектер арасындағы биатлоннан Әлем чемпионаты тақырыбында пресс-конференция өтті.
Пресс-конференцияға Қазақстан биатлоншылар одағының Президенті Қизатов Ермек Ануарбекұлы, Бас хатшы Үсенов Манас Мәдиұлы қатысты.
Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі атынан Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ергалиев Самат Серікханқұлы пресс-конференцияда сөз сөйледі.
Спикерлер Чемпионатқа дайындық жайлы, қатысушы елдер мен спортшылар, және Чемпионаттан кейінгі жоспарлар туралы баяндады.
Журналистердің сұрағына жауап бере отыра, Федерация басшылығы жас спортшылардың Милан-2026 Олимпиада ойындарына дайындалып жатқанын айтып берді.