Владислав Киреев Олимпиада ойындарында үздік 25 спортшының қатарына енді
Олимпиада ойындары аясында өткен жеке жүгіру жарысында қазақстандық биатлоншымыз Владислав Киреев 25-ші орын алды.

Ату аймағында бірде-бір қателік жібермей (таза ату) және жарыс жеңімпазы — франциялық Кентен Фийон Майеден небәрі үш минуттық айырмашылықпен мәреге жетуі спортшының халықаралық аренадағы жекелей жарыстардағы ең үздік көрсеткіші болды.
Құраманың басқа да жетістіктері:
Галина Вишневская мен Александр Мухин жекелей жарыста үздік 60 спортшының қатарына еніп, Олимпиадалық ізге түсу (пасьют) жарысына жолдама алды.
Енді отандық биатлоншылар 11-19 ақпан аралығында өтетін спринт, ізге түсу және эстафета бәсекелерінде бақ сынайды. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз! Алға, Қазақстан!



