Щучинск қаласында биатлоннан Қазақстан Республикасының Кубогі өтеді
2025 жылғы 24-28 желтоқсан аралығында Щучинск қаласындағы Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан Қазақстан Республикасының Кубогі өтеді.

Жарысқа еліміздің 9 өңірінен жиналған 135 спортшы қатысады деп күтілуде. Бұл жарыстың маңызы өте жоғары, себебі ол жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы алдағы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің бірінші кезеңі болып табылады.
Жарыс бағдарламасы:
* 24 желтоқсан: Қатысушылардың келуі;
* 25 желтоқсан: Ресми жаттығу күні;
* 26 желтоқсан: Спринт (ерлер мен әйелдер);
* 27 желтоқсан: Жекелей жарыс (ерлер мен әйелдер);
* 28 желтоқсан: Жарыстың аяқталуы және қайту күні.
Қазақстан биатлонының дамуына «Sport Qory» демеушілік көрсетеді.



