Щучинскте жазғы биатлоннан Азия Чемпионаты өтеді

19-22 шілде аралығында Щучинск қаласындағы Ұлттық шаңғы спорты орталығында биатлоннан жазғы Азия чемпионаты өтеді. Медаль үшін Қазақстан, Жапония, Корея Республикасы, Тайбэй, Қырғызстан, Өзбекстан және Тайланд құрамалары ерлер мен әйелдер, сондай-ақ жасөспірімдер мен жеткіншектер арасында сынға түседі.
Щучинскте жазғы биатлоннан Азия Чемпионаты өтеді

Оңтүстік Корея құрамасының өкілдері ретінде Щучинскіге оның жетекші спортшылары — Әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері Тимофей Лапшин және 2025 жылғы қысқы Азия ойындарының спринттегі чемпионы Екатерина Аввакумова келді.

Жарыс бағдарламасы:

19 шілде, сағат 17:00 — команда капитандарының жиналысы

20 шілде — ресми жаттығу (09:00–13:05)

21 шілде — Спринт: старт сағат 10:00-де (ерлер, жеткіншектер, жасөспірімдер — ер балалар) және сағат 13:00-де (әйелдер, жеткіншектер, жасөспірімдер — қыздар), марапаттау — сағат 15:00

22 шілде — Жеке жарыс: старт сағат 10:00 және 13:00-де, марапаттау — сағат 15:00

Трибунаға кіру тегін. 21 және 22 шілдеде көрермендерге арналған лазерлік мылтықтан ату аймағы жұмыс істейді, онда әркім биатлоннан өз күшін сынап көре алады. Сонымен қатар, осы екі күні көрермендер арасында федерация тарапынан сыйлықтар ойнатылады.

Қазақстан биатлонының жетістіктері мен дамуына Бас Серіктес-«Самұрық-Қазына» АҚ және серіктес-Спортты қолдау қоры «Sport Qory» қолдау көрсетіп келеді.