«Qazsport» телеарнасы Қазақстан Биатлоншылар Одағының бас ақпараттық серіктесі атанды

Биатлон фанаттары үшін керемет жаңалық! Бүгіннен бастап «Qazsport» телеарнасы біздің басты ақпараттық серіктесіміз атанды.
«Qazsport» телеарнасы Қазақстан Биатлоншылар Одағының бас ақпараттық серіктесі атанды

Одан бөлек, маусым соңында спортшыларымыздың сұхбаттарын сүйікті бағдарламаларыңыздан жиі көретін боласыздар. Еліміздің әр өңірінде балалар спортын дамыту мақсатында бастау алған «Grand Tour Biathlon»  жасөспірімдер мен  жеткіншектер арасындағы ҚР Кубогы мен Чемпионаты, федерацияның ішкі форумдары мен іс-шаралары туралы арна журналистері жаңалық тарататын болады. Ең бастысы, Қазақстан Биатлоншылар Одағы спорт фанаттарына жылдың негізгі жарысының нағыз атмосферасын жеткізу мақсатында алдағы қысқы маусымда әлем чемпионатына «Qazsport» телеарнасының түсірілім тобын жіберуге дайын.

Айта кетейік, қазір  «Qazsport» арнасы биатлоннан 2023/2024 жылғы қысқы маусымды толық тікелей эфирде көрсетіп жатыр.Осы орайда, федерация тарапынан аталған арна басшылығы мен ұжымына көрсетіп жатқан барлық қолдаулары үшін үлкен алғыс білдіреміз! Еліміздің №1 спорттық арнасы қосулы болсын! Енді биатлон әр кезеңде сіздермен бірге!

Кері байланыс

  • БЗО «Қазақстан Биатлонистер Одағы»
  • Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 11/5 7 қабат, 707 кеңсе
  • Баспасөз қызметі: +7 771 688 2747
  • E-mail: kzbiathlonunion@gmail.com
© 2024 Барлық құқықтар қорғалған