Жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы әлем біршілігі басталды
4 наурыз, сенбі күні Щучинск қаласында жасөспірімдер мен жастар арасындағы биатлоннан Әлем чемпионаты басталды.
Біріншісі жарыстар - жасөспірімдер және жастар арасында аралас эстафета (2 қыз, 2 жігіт) болды.
Бірінші жарыс, жасөспірімдер арасындағы аралас эстафетаға Қазақстан атынан Яна Чупик, Милана Женева, Евгений Литвинов және Егор Гребенщиков қатысты. Бұл жарыста ең жақын қарсыласы Германия құрамасын 35 секундқа ұтқан Норвегия құрамасы жеңімпаз атанды. Үздік үштікті Украина құрамасы түйіндеді.
Жарыс күнінің екінші жарысы жастар арасындағы аралас эстафета болды. Жеңіс Германия құрамасына бұйырса, екінші орынды Франция құрамасы иеленіп, қола жүлдені Норвегия құрамасы ұтып алды. Қазақстан құрамасының спортшылары - Арина Крюкова, Полина Егорова, Вадим Куралес және Никита Акимов - жеңімпаздан 5 минут 42 секундқа қалып, 13-орынға тұрақтады.
Жарыс жеңімпаздарына Халықаралық биатлон одағының медальдары, сонымен қатар Bayan Sulut шоколад компаниясынан кәдесыйлар табыс етілді. Спортшыларға марапаттарды Халықаралық биатлоншылар одағының президенті Олле Даллин мен Қазақстан биатлоншылар одағының президенті Ермек Қизатов табыс етті.
Шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры қолдау көрсетеді.