Щучинскіде IBU-IOC Summer Asian Development Camp 2026 жазғы оқу-жаттығу лагері басталды

Щучинскідегі Ұлттық шаңғы орталығында Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) мен Халықаралық олимпиада комитетінің қолдауымен ұйымдастырылған «IBU-IOC Summer Asian Development Camp 2026» жобасы өз жұмысын бастады. Бүгін алғашқы танысу жиыны өткізіліп, қатысушылар алдағы 10 күндік бағдарламамен танысты. Биылғы жиынға Азияның 7 елінен келген 35 жас биатлоншы (2005–2011 жылдары туған) қатысуда.
Щучинскіде IBU-IOC Summer Asian Development Camp 2026 жазғы оқу-жаттығу лагері басталды

Лагерь жұмысын жастар құрамамыздың жаттықтырушы-консультанты, IBU Академиясының сертификатталған жаттықтырушысы Лука Бормолини басқарады. Оған қоса, тәжірибелі халықаралық жаттықтырушылар тобы шақырылды: Варья Солт (Норвегия), Сари Маэда (Жапония), Им Мёнчхоль (Оңтүстік Корея) және Алина Коломиец (Қазақстан).

Аталған жоба аймақтағы жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, халықаралық тәжірибе алмасуына бағытталған маңызды қадам болып табылады. Оқу-жаттығу жиыны 19 шілдеге дейін жалғасады.