Президент СБК посетил стадион в Щучинске

Қазақстан биатлоншылары одағының Президенті Қизатов Ермек Әнуарбекұлы 4-12 наурыз аралығында өтетін жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы биатлоннан әлем чемпионатын қарсы алатын стадионға барды.
Президент СБК посетил стадион в Щучинске

Чемпионаттың басталуына екі айдан аз уақыт қалғандықтан, Ермек Әнуарбекұлы бұл спорттық шара өтетін стадионды толық тексеріп шықты. Одақтың Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығымен бірлесіп атқарған жұмыстарымен танысқан Президент стадиондағы барлық үй-жайлардың, оның ішінде тамақтану орындары мен ұйымдастыру комитеті мен төрешілерге арналған функционалдық бөлмелердің дайындығына назар аударды.

Сондай-ақ, Ермек Әнуарбекұлы жарыс жолдары мен вакс-кабиналардың дайындық барысын тексеріп, Олимпиадалық дайындық орталығындағы әріптестеріміздің жоғары кәсіби көзқарасын атап өтті.

Кері байланыс

  • БЗО «Қазақстан Биатлонистер Одағы»
  • Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 11/5 7 қабат, 707 кеңсе
  • Баспасөз қызметі: +7 771 688 2747
  • E-mail: kzbiathlonunion@gmail.com
© 2024 Барлық құқықтар қорғалған