IBU-IOC Халықаралық лагерінің алғашқы жаттығу күні қалай өтті

Оқу жаттығу лагерінің бірінші жаттығу жиыны басталды! IBU жаттықтырушылары әрбір спортшымен нақтырақ жұмыс істеу үшін құрамаларды үш топқа бөлді.
IBU-IOC Халықаралық лагерінің алғашқы жаттығу күні қалай өтті

Балалар таңғы сағат 7-ден жаттығуды бастады. Бүгінгі күн негізгі дағдыларды меңгеруге арналды: жатып ату техникасы және шаңғыроллер жаттығулары. Жаттықтырушылар тобы әр спортшының техникасын мұқият қадағалап, кемшіліктерді тікелей трасса мен ату алаңында түзетуде.

Жиынның бірінші күнінің фотосуреттерін төменде көре аласыздар!