Павлодар қаласы Grand Tour Biathlon жарысының үшінші кезеңін өткізуде!

Павлодарда Grand Tour Biathlon балалар жарысының үшінші кезеңі өтуде. Бұл кезеңде еліміздің 8 аймағынан 115 спортшы бақ сынауда.
Павлодар қаласы Grand Tour Biathlon жарысының үшінші кезеңін өткізуде!

Барлық жарыстардың нәтижесін сайтымыздың "Grand Tour Biathlon-Рейтинг" бөлімінен таба аласыз.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қысқы және 2 жазғы кезеңдерден тұратын Grand Tour Biathlon жаңа форматы ересектер арасындағы Әлем Кубогі кезеңдеріне ұқсас. Әр кезең сайын аралық көшбасшы анықталып, қызыл жейде иегері атанса, маусым жеңімпаздары сары жейде киіп, Хрустальді Кубокпен марапатталады.

Өткен екі қысқы кезеңнің және осы Павлодардағы кезеңнің қорытындысы бойынша балалар арасындағы ең ірі биатлон фестиваліне баратын спортшылар анықталады. Екі жыл қатарынан Федерация балаларды халықаралық жарыстардың атмосферасын сезіндіру мақсатымен биатлон Отаны Норвегияға жіберуде.

Жергілікті спорт басқармасына, жаттықтырушыларға және ата-аналарға жарысты ұйымдастыруға көрсеткен қолдаулары үшін алғыс білдіреміз. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

Кері байланыс

  • БЗО «Қазақстан Биатлонистер Одағы»
  • Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 11/5 7 қабат, 707 кеңсе
  • Баспасөз қызметі: +7 771 688 2747
  • E-mail: kzbiathlonunion@gmail.com
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған