Қысқы Универсиададан тағы бір қола жүлде!

Қазақстандық биатлоншы Кирилл Бауэр Италияда өтіп жатқан қысқы Дүниежүзілік Универсиадада қола жүлде иеленді, деп хабарлайды Федерацияның баспасөз қызметі. Ерлер арасында өткен масс-старт жарысында ол 26 спортшының арасынан үздік үштікке енді. Отандасымыз 4 ату кезіңде барлығы 4 қате жіберіп, жеңімпаз франциялық Натанэль Пигвиннан 33.8 секундқа есе жіберді.
Қысқы Универсиададан тағы бір қола жүлде!

Бұл жүлде – спортшының халықаралық деңгейдегі алғашқы медалі. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының тағы екі спортшысы жүлделі орындарға ие болған еді: Никита Акимов алтын медаль жеңіп алса, Арина Крюкова қола жүлдені еншіледі.

Жаттықтырушылар құрамын, жанкүйерлерімізді құттықтаймыз!