Жазғы биатлоннан ҚР Чемпионатының Қорытындысы

Жарыстың алғашқы күнінде 9 өңірден келген 75 спортшы стартқа шықты. Айта кетейік, Чемпионаттың алдында 14-20 қыркүйек аралығында Щучинскіде Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны өткен болатын. Ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Алексеевич Соколовскийдің дайындыққа қатысты сұхбатын "Qaz Biathlon" YouTube-арнасынан көруге болады. 10 күн бойы спортшылар спринт, жеке жарыс, пасьют, масс-старт және эстафеталарда жүлделер үшін күресті.
Алғашқы күндері өткен кросс дисциплиналарында келесі спортшылар үздік атанды:
Спринт (кросс): Ерлер арасында Александр Мухин жеңіске жетіп, Виктор Бровко мен Вадим Куралесті артқа тастады. Әйелдер арасында Алина Скрипкина алтынды иеленіп, Дарья Климина мен Мария Польдяева жүлдегер атанды.
Жеке жарыс (кросс): Ерлер жарысында Виктор Бровко алтын, Александр Мухин күміс, ал Вадим Куралес қола медаль алды. Әйелдер арасында Кристина Титиевская жеңімпаз атанды, Арина Крюкова екінші, Алина Скрипкина үшінші орынға тұрақтады.
Одан кейінгі шаңғы роллерімен өткен жарыстарда келесі спортшылар басымдық танытты:
Спринт (роллер): Ерлер арасында Вадим Куралес мәреге бірінші болып жетіп, Александр Мухин екінші, Владислав Киреев үшінші орынды иеленді. Әйелдер арасында Дарья Климина жеңіс тұғырынан көрініп, Галина Вишневская мен Лаура Киныбаева жүлделі орындарға ие болды.
Жарыстың соңғы күні, 29 қыркүйекте өткен эстафеталық жарыстарда Ақмола облысының командасы командалық дисциплиналарда өз көшбасшылығын нақтылады:
Жеке аралас эстафета (1+1):Ақмола облысы командасы (Алина Скрипкина және Вадим Куралес) жеңіс тойын тойлады. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысы (Екатерина Мусохранова және Иван Дарьин), ал үшінші орынды Ақмола облысының екінші командасы (С.Майер мен В. Малыков) иеленді.
Аралас эстафета (2+2): Бұл жарыста да Ақмола облысы (П. Егорова, А. Викулова, А. Мухин, Р. Амурлаев) алтынды жеңіп алды. Екінші орын – Алматы облысына (М. Генева, А. Ракишева, А. Дюсенов және Е. Куандык), үшінші орын – Ақмола облысының екінші құрамына (А. Куприянова, В. Ширяева, Б. Турлыбеков, Д. Червенко) бұйырды.
Жасөспірімдер санатындағы барлық жүлделі орындарды да Ақмола облысының командалары иеленді: 1 орынды М. Воробьева, П. Подгорнова, В. Середенко және Э. Шефер құрамындағы команда, 2 орынды К. Балтабаева, А. Холопцева, К. Зотов, М. Зиновьев командасы, ал 3 орынды Д. Фоленвейдер, А. Воробьева, И. Беленец, М. Гучинский командасы жеңіп алды.
Биатлон федерациясы барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтайды. Бұл нәтижелер жаттықтырушылар штабына 2025/2026 маусымындағы халықаралық жарыстарға қатысатын Ұлттық құраманың нақты құрамын жасақтауға мүмкіндік береді.



