Grand Tour Biathlon: Петропавлдағы бесінші кезеңде қатысушылар саны бойынша рекорд тіркелді

Петропавл қаласында Grand Tour Biathlon сериясы аясында ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионатының бесінші кезеңі өз мәресіне жетті.
Grand Tour Biathlon: Петропавлдағы бесінші кезеңде қатысушылар саны бойынша рекорд тіркелді

Петропавлдағы кезең қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты. Елдің 10 өңірінен келген 209 спортшы жеңіс пен жүлделі орындар үшін бақ сынады.

Жарыстың алғашқы күні жас биатлоншылар спринт сайысында сынға түсті.

2011–2012 жылы туған ұлдар арасындағы аға жас санатында Шығыс Қазақстан облысының өкілі Дамир Райхановжеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Қарағанды облысының спортшысы Павел Слесаренко, ал қола жүлдені Солтүстік Қазақстан облысынан Роман Суров иеленді.

Қыздар арасында Павлодар облысының спортшылары үздік нәтиже көрсетті. Алтын медальді Эвелина Тимофеева, күміс медальді Ксения Крашкевич жеңіп алды. Қола жүлде Қостанай облысының өкілі Елена Токмянинаға бұйырды.

2013–2015 жылы туған кіші жас санатындағы ұлдар арасында бірінші орынды Ақмола облысының спортшысы Павел Монченко иеленді. Екінші және үшінші орындарға Шығыс Қазақстан облысының өкілдері Тимофей Булгаков пен Никита Мельчиков тұрақтады.

Қыздар арасында Қостанай облысынан Варвара Дудина жеңімпаз атанды. Күміс медальді Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Жасмин Байғужина, ал қола медальді Шығыс Қазақстан облысынан Кристина Полторанина жеңіп алды.

Жарыстың екінші күні спортшылар жеке жарыста бақ сынады.

2011–2012 жылы туған ұлдар арасындағы нәтижелер:

1-орын – Евгений Колесников (Павлодар облысы);

2-орын – Фёдор Карпачев (Шығыс Қазақстан облысы);

3-орын – Дамир Райханов (Шығыс Қазақстан облысы).

2011–2012 жылы туған қыздар арасындағы үздік үштік:

1-орын – Лия Чупик (Алматы облысы);

2-орын – Таисия Мотякова (Солтүстік Қазақстан облысы);

3-орын – Ксения Крашкевич (Павлодар облысы).

2013–2015 жылы туған ұлдар арасындағы нәтижелер:

1-орын – Павел Монченко (Ақмола облысы);

2-орын – Максим Старцев (Шығыс Қазақстан облысы);

3-орын – Давид Сподин (Шығыс Қазақстан облысы).

2013–2015 жылы туған қыздар арасындағы жеке жарыс нәтижелері:

1-орын – Варвара Дудина (Қостанай облысы);

2-орын – Яна Шерер (Қостанай облысы);

3-орын – Кристина Полторанина (Шығыс Қазақстан облысы).

Барлық жарыстар Qaz Biathlon федерациясының YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Демалыс күні жас қатысушылар үшін ерекше мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Балаларға тәттілер мен түрлі дәм ұсынылып, естелік сыйлықтар табысталды. Күннің қорытындысы жарқын концерт пен мерекелік отшашуға ұласты. Grand Tour Biathlon турнирінің бесінші кезеңінің бас демеушісі Magnum компаниясы болды.

Жарыстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері Федерацияның серіктесі – швейцариялық KV+ компаниясының бағалы спорттық сыйлықтарымен марапатталды.

Қазақстан биатлоншылар одағы барлық демеушілерге, ұйымдастырушыларға және еріктілерге балалар спортын дамытуға қосқан қолдауы мен үлесі үшін алғыс білдіреді.