Биатлоннан Әлем Чемпионаты: ел намысын кімдер қорғайды

2024 жылғы 7-18 ақпан аралығында Чехияның Нове-Место қаласында дүниежүзінің ең үздік биатлоншылары қысқы Әлем чемпионатында бақ сынау үшін бас қосады. Турнир аясында 12 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
Биатлоннан Әлем Чемпионаты: ел намысын кімдер қорғайды

Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Галина Вишневская-Шепоренко, Полина Егорова, Алина Скрипкина, Ольга Полторанина, Никита Акимов, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев, Асет Дюсенов и Александр Мухин өнер көрсетеді, деп хабарлайды Қазақстан Биатлоншылар Одағының баспасөз қызметі.

Жарыс кестесі:

7 ақпан, сәрсенбі

Аралас эстафета

9 ақпан, жұма

Спринт, әйелдер

10 ақпан, жұма

Спринт, ерлер

11 ақпан, жексенбі

Із кесу, әйелдер

Із кесу, ерлер 

13 ақпан, сейсенбі

Жеке жарыс, әйелдер

Жеке жарыс, ерлер

15 ақпан, бейсенбі

Сингл-микст

17 ақпан, сенбі

Эстафета, әйелдер

Эстафета, ерлер

18 ақпан, жексенбі

Масс-старт, әйелдер

Масс-старт, ерлер

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық биатлон жанкүйерлері әлем чемпионатын тікелей эфирден "Qazsport" арнасынан немесе qazsporttv.kz сайтынан тамашалай алады.

Кері байланыс

  • БЗО «Қазақстан Биатлонистер Одағы»
  • Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 11/5 7 қабат, 707 кеңсе
  • Баспасөз қызметі: +7 771 688 2747
  • E-mail: kzbiathlonunion@gmail.com
© 2024 Барлық құқықтар қорғалған