Батыс Қазақстан облысында алғаш рет балалар спортын дамытуға бағытталған биатлоннан ірі жарыс бастау алды

"Grand Tour Biathlon" деп аталатын форматы жаңартылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогының екінші кезеңі Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында өз жалғасын тапты. Бүгін жарыстың ресми ашылу салтанаты мен алғашқы жарыс күні ұйымдастырылды.
Батыс Қазақстан облысында алғаш рет  балалар спортын дамытуға бағытталған биатлоннан ірі жарыс бастау алды

Ашылу салтанатына Қазақстан Биатлоншылар Одағының Бас хатшысы-Манас Үсенов, БҚО биатлон федерациясының президенті Әлібек Сарсембаев, БҚО Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының жоғары жетістіктер спорты бөлімінің басшысы Нұрлан Казимов, Орал қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Армат Исанов, еліміздің 6 өңірінен жиналған 60-қа жуық жас биатлоншылар мен олардың ата-аналары, жаттықтырушылар қатысты.Алғашқы  күні спортшылар 4,5 км қашықтықта спринт сайысында сынға түсті.

Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі мынадай:

2009-2010 жылғы  жасөспірім қыздар арасында

1. Тудахунова Жанерке-15:46 (Ақсай, БҚО)

2.Небогатова Варвара-16:00 (Риддер,ШҚО)

3.Кованова Ульяна-18:08 (СҚО)

2011-2013 жылғы жасөспірім қыздар арасында

1. Жигулина София-10:12 (Щучинск, Ақмола обл)

2. Крашкевич Ксения-10:16 (Павлодар обл)

3. Романцова Виктория-10:34 (Риддер, ШҚО)

2009-2010 жылғы жасөспірім ұлдар арасында

1. Дудченко Никита-14:19 (Риддер, ШҚО)

2. Ветригов Руслан-14:40 (Балкашинко, Ақмола)

3. Немцев Егор-15:53 (Риддер, ШҚО)

2011-2013 жылғы жасөспірім ұлдар арасында

1. Тажибаев Арын-09:35 (Ақсай, БҚО)

2. Дымовских Вячеслав-10:01 (Павлодар обл)

3. Карпачев Федор-10:15 (ШҚО)

Спортшылар ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтармен, Кубоктармен марапатталды. Одан бөлек ,алғашқы кезеңдегі спринт және жеке жарыс үздіктері осы сайысты  қызыл жеңімпаз күртешелерімен көшбасшы ретінде бастады. Ертең жас биатлоншылар жеке жарыста бақ сынайды.

Кері байланыс

  • БЗО «Қазақстан Биатлонистер Одағы»
  • Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 11/5 7 қабат, 707 кеңсе
  • Баспасөз қызметі: +7 771 688 2747
  • E-mail: kzbiathlonunion@gmail.com
© 2024 Барлық құқықтар қорғалған