Арина Крюкова- Универсиаданың қола жүлдегері
Қазақстандық биатлоншы Арина Крюкова Италияда өтіп жатқан Қысқы Дүниежүзілік Универсиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Федерацияның баспасөз қызметі.
Ол 7,5 км қашықтықты 23 минут 17 секундта бағындырып, үздік үштікті түйіндеді. Арина алғашқы жатып ату кезеңінде барлық нысананы дәл жапса, екінші тұрып ату кезінде 2 оғы мүлт кетті. Әйтсе де, жылдамдық қосып, ел қоржынын қола жүлдемен толықтырды.
Аринаны спорттық карьерасындағы алғашқы жүлдесімен және жаттықтырушылар құрамы мен биатлон жанкүйерлерін бір күнде ел қоржынына түскен қос медальмен құттықтаймыз!