Биатлоннан Қазақстан Чемпионаты басталды
Бүгін Щучинск қаласында биатлоннан ересектер мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады.
Қазақстанның алты облысынан келген 77 спортшы Чемпионат жүлделері үшін күреседі, оның 47-сі ерлер мен жасөспірім ұлдар, 30-ы әйелдер мен жасөспірім қыздар. Сайыс қорытындысы бойынша 2023-24 маусымындағы ұлттық құраманың мүшелері белгілі болады.
Жарыс бағдарламасы:
27 наурыз – келу күні;
28 наурыз – жаттығу күні;
29 наурыз – жеке жарыс;
30 наурыз – жаттығу күні;
31 наурыз – спринт;
1 сәуір - супер спринт;
2 сәуір – жаттығу күні;
3 сәуір – эстафета (2х2, 1х1);
4 сәуір – масс старт;
5 сәуір – жолға шығу күні.
Қазақстан Республикасының чемпионатымен қатар Қысқы спорт түрлерінен Олимпиадалық даярлау орталығының базасында жастар арасындағы Қазақстан биатлоншылар одағы кубогының екінші кезеңі өтеді.