Олимпиада ойындарының жолдамасы: Қазақстан құрамасы неліктен үш квота алды?

Биылғы маусымда ұлттық құрама бірнеше күрделі кедергілерге тап болды:
Пандемияға байланысты Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) Олимпиадаға іріктеу ережесін өзгертті. Бұрын Ұлттар Кубогінде 20-дан төмен орналасқан елдерге 2 квота берілсе, биыл бұл ереже жойылып, лицензиялар тек жекелей рейтинг («Wild Card» — барлығы 12 орын) бойынша үлестірілді.
IBU Бейжің Олимпиадасының қожайыны ретінде Қытай құрамасына автоматты түрде 4 квота бөлді. Бұл қалған елдер арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, бос орындар санын 8-ге дейін азайтты. Қазақстанның әйелдер құрамасы Болгария командасына есе жіберіп, толық лицензияға қол жеткізе алмады.
Әлем Кубогі басталмас бұрын құрама спортшылары коронавирустың ауыр түрімен ауырып, кейбірінің өкпесі 70-80%-ға дейін зақымдалды. Бұл дайындық пен жарыс нәтижелеріне айтарлықтай әсер етті.
Квота санының аздығына қарамастан, Қазақстан Биатлоншылар одағы спортшылардың ел намысын лайықты қорғайтынына сенеді және оларға барынша қолдау көрсетуді жалғастырады.



