Жарыс кезеңдері

Риддер-2026

"Grand Tour Biathlon" 05-11 желтоқсан аралығында Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің базасында өтті. Жарысқа еліміздің10 өңірінен 170-ден астам спортшы қатысты. Барлық жүлдегерлер ұйымдастырушылардан арнайы сыйлықтар мен кубоктармен марапатталды. Фотосуреттер төмендегі сілтемеде
Фотолар

Қостанай-2026

2026 жылдың 12-18 ақпан аралығында Қостанай қаласы алғаш рет балалар биатлонының орталығына айналды. Мұнда республикалық Grand Tour Biathlon жобасының екінші кезеңі жоғары деңгейде өтті. Бұл жолғы жарыс қатысушы аймақтардың саны бойынша жаңа рекорд орнатты: додаға Қазақстанның 12 өңірінен спортшылар келді. Бұл дегеніміз елімізде биатлон спорты дамитын барлық аймақтар алғаш рет Қостанайда бас сынады.
Фотолар

Павлодар

"Grand Tour biathlon" жобасының үшінші кезеңі Павлодар қаласында өтті. Жарыстың ресми ашылу салтанатына федерация өкілдері, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы, биатлоннан жаттықтырушылар және еліміздің 12 өңірінен 180-ге жуық жас биатлоншылар қатысты. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Федерациядан тарапынан арнайы сыйлықтармен, кубоктармен және грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, соңғы кезең чемпиондары бұл жарысты көшбасшының қызыл жейдесімен бастады.
Фотолар

Петропавловск-2025

25-31 шілде аралығында Петропавлда Grand Tour Biathlon жарысының алғашқы жазғы кезеңі өтті. Жарысқа 150-ге жуық бала қатысты!
Видео

Астана-2025

4-5 тамыз аралығында Астана қаласының Орталық саябағында алғаш рет биатлоннан балалар фестивалі өтті. Бұл-Grand Tour Biathlon жобасының финалдық кезеңі. Шешуші жарысқа еліміздің 7өңірінен 100-ге жуық бала спринт және жеке жарыстарда бақ сынады. Балалар үшін тегін сусындар мен балмұздақтар, биатлон жанкүйерлеріне лазерлік мылтықпен жарыстар және Федерация тарапынан естелік сыйлықтар ұйымдастырылды. Ең бастысы, Хрусталді кубок жеңімпаздарының, сары жейде иегерлерін, барлық 6 кезең чемпиондарының есімі анықталды. Сонымен қатар, Қазақстан Биатлоншылар Одағынан өңірлердегі биатлон спортын дамыту үшін 15 миллион теңге көлемінде қаржылай сертификаттар табысталды.
Фотолар