Ережелер

Ұпайлар қалай есептеледі?

Ұпайлар тек Спринт және Индивидуальды гонка секілді жекелей жарыстарда ғана беріледі.Ұпай мөлшері жарысқа қатысқан спортшылардың санына тікелей байланысты. 

Мысалы: Егер жарысқа 30 спортшы қатысса, 1-орын иегері 30 ұпай, ал 30-орын иегері 1 ұпай алады.

Жарыс қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған атлет кезең көшбасшысы атанып, келесі додаға құрметті Қызыл жейдемен шығады.  

Маусым барысындағы есеп:

Егер екі спортшының ұпайлары тең болып қалса, артықшылық соңғы өткен Спринт жарысында жақсы нәтиже көрсеткен атлетке беріледі.Финалдық кезеңде маусым бойы жиналған барлық ұпайлар қосылады. Егер барлық кезеңнен кейін де ұпайлар тең болса, спортшылардың жалпы маусымдағы көрсеткіштері мен тұрақтылығы ескеріледі. 

Бірнеше жеңімпаз болуы мүмкін бе?

Иә! Егер маусымның соңында спортшылардың ұпайлары мен барлық көрсеткіштері толықтай тең болса, біз бірнеше жеңімпазды танимыз. Олардың әрқайсысы өз жүлделері мен чемпиондық кубоктарын иеленеді.