Щучинскте биатлоннан Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңі аяқталды
Екінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша ерлер құрамасы 7,5 шақырым қашықтықта бақ сынап, арасынан ақмолалық Антон Башкиров 20:40.7 уақытта топ жарды. Екінші болып мәреге 21:43.3 уақытта Александр Бирюков, одан кейін 21:43.5 уақытта Владимир Батрынча жетті.
Әйелдер арасында 6 км қашықтықта екі күн қатарынан Елизавета Белецкая көш бастады. Ол мәреге 18:19.9 уақытта жетсе, одан 2:53.6 сеундқа кешігіп, екінші болып Надежда Пивоварова 21:13.5 уақытта жетті. Үздік үштікті Екатерина Ланглиц 21:18.8 уақытта аяқтады.
Жасөспірімдер арасынан 7,5 шақырымда
Владислав Малыков (19:39.9 секунд) бірінші орынға, Артур Каданцев (20:08.2 секунд) екінші, ал Ильяс Хасенов (20:30.0 секунд) үшінші орынды иеленді.
Жасөспірім қыздар арасында алматылық Яна Чупик 18:51.0 уақытта жеңіске жетсе, Эвелина Мезенцева 18:53.8 уақытта екінші, Мария Воробьева 18:58.0 көрсеткішпен үшінші болып жарысты аяқтады.
Қараша айының 25-26 аралығында өткен Биатлоннан ҚР Кубогінде Абай, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері бақ сынап, жалпы саны 100 ден астам спортшы өнер көрсетті.
ҚР Кубогының 2 кезеңі желтоқсан айында өтеді. Қос кезең нәтижесі бойынша 2024 жылы Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін қысқы жасөспірімдер олимпиадасына қатысушылар анықталады.