Финляндияда биатлоннан Әлем Кубогының алғашқы кезеңі басталды
Биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем Кубогының алғашқы кезеңіне қатысу үшін Финляндияға табан тіреді. Дүбірлі дода Контиолахти қаласында өтеді.

Жарыс жолында ел намысын келесі спортшыларымыз қорғайды:
Ерлер құрамасы: Александр Мухин, Владислав Киреев, Әсет Дюсенов, Кирилл Бауэр және Вадим Куралес.
Әйелдер құрамасы: Галина Вишневская-Шепоренко, Арина Крюкова, Полина Егорова және Ольга Полторанина.
Еске сала кетейік, бұл маусымда бізді тек Әлем Кубогы кезеңдері мен Әлем чемпионаты ғана емес, сонымен қатар Бүкіләлемдік Универсиада мен Қысқы Азия ойындары сияқты ірі додалар күтіп тұр.
Барлық жарыстар "Qazsport" телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі. Құрамамызға бірге жанкүйер болайық!



