Вишневская-Шепоренко Галина

Вишневская-Шепоренко Галина
Елі: Казахстан
Туған жері: Семей
Туған күні: 10.02.1994

Жетістіктері: Жекелей аралас эстафетадан (сингл-микст) Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері (Остерсунд, 2017). Жасөспірімдер арасындағы екі дүркін әлем чемпионы (Преск-Айл, 2014). Жасөспірімдер мен жастар арасындағы Әлем чемпионаттарының көпдүркін жүлдегері (2011–2015). Жасөспірімдер Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері (Инсбрук, 2012). Алматыдағы 2017 жылғы Қысқы Универсиаданың төрт дүркін чемпионы. Саппородағы 2017 жылғы Қысқы Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы. Жазғы биатлоннан Әлем чемпионатетының екі дүркін қола жүлдегері (Нове-Место, 2018). Қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы (2014, 2018). 

Үздік нәтиже:

3-орын — Остерсундтегі (Швеция) 2017/2018 жылғы маусымдағы Әлем кубогы кезеңінің жалғыздық аралас эстафетасы;

4-орын — Оберхофтағы (Германия) 2016/2017 жылғы маусымдағы Әлем кубогы кезеңінің масс-старт жарысы (Әлем кубогындағы үздік жеке жетістігі);

6-орын — Антхольцтегі (Италия) 2017/2018 жылғы маусымдағы Әлем кубогы кезеңінойын ізге түсу жарысы (пасьют);

8-орын — Рупольдингтегі (Германия) 2016/2017 жылғы маусымдағы Әлем кубогы кезеңінің спринт жарысы;

9-орын — Остерсундтегі (Швеция) 2016/2017 жылғы маусымдағы Әлем кубогы кезеңінің спринт жарысы;

9-орын — Антхольцтегі (Италия) 2020 жылғы Әлем чемпионатының жекелей жарысы (Әлем чемпионаттарындағы үздік жеке нәтижесі);

5-орын — Остерсундтегі (Швеция) 2016/2017 жылғы маусымдағы Әлем кубогы кезеңінің жалғыздық аралас эстафетасы;

8-орын — Антхольцтегі (Италия) 2015/2016 жылғы маусымдағы Әлем кубогы кезеңінің әйелдер эстафетасы;

8-орын — Холменколлендегі (Норвегия) 2016 жылғы Әлем чемпионатының әйелдер эстафетасы;

20-орын — Пхёнчхандағы (Оңтүстік Корея) 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының ізге түсу жарысы.