Бүгін Астанадағы Орталық саябақ нағыз қуаныш пен адреналин мекеніне айналды! 8 керемет ата-ана мен 8 батыл бала бірігіп, супер-эстафетада бақ сынасты. Жүздеріндегі күлкіге қарап, бұл мерекенің бәріне ұнағанын түсіндік. Ең бастысы — үйіне құр қол қайтқан ешкім болмады! Қатысушыларға әдемі сертификаттар мен стикерлер, ал балақайларға ерекше тосын сыйлықтар берілді. Жарыстан соң, бәріміз бірге дастарқан басында жиналып, дәмді тәттілермен ыстық шай іштік. Бұл нағыз отбасылық жылылық пен спорттық рух сезілген тамаша күн болды. Бізбен бірге болған әрбір отбасына үлкен рақмет!