
25-30 мамыр аралығында Қазақстан үлкен спорттық мереке — бүкіләлемдік биатлон күнін атап өтеді! Еліміздің түкпір-түкпірінде нағыз спорт думаны басталмақ.
Мерекелік шаралар бір мезетте 6 қалада өтеді: Петропавл, Қостанай, Павлодар, Щучинск, Риддер, ал басты әрі ең ауқымды премиум-оқиға елордамыз — Астанада ұйымдастырылады.
Біздің мақсатымыз: салауатты өмір салтын сәнге айналдыру, отбасыларды жақындастыру және балаларды спортқа ғашық ету!

Мерекенің ең қызықты бөлігі — балалар мен ата-аналар бір команда болып бақ сынайтын «Жүгіру – Ату – Жүгіру» форматындағы отбасылық эстафета.
Мұнда қатысушылар қысқа қашықтыққа жүгіріп, 10 метрден пневматикалық мылтықпен нысана көздейді. Бұл жарыста жеңілгендер болмайды! Бастысы — белсенді демалыс пен бірге өткізген уақыт. Сондықтан әрбір қатысушыға арнайы сыйлықтар мен сертификаттар табысталады.