Арнайы ОLYMPIC.KZ үшін: “Жаттығу жиынының аз болғаны кері әсерін тигізді...” және тағы да басқа мәселелерді қамтып, өз ойымен бөліскен, ҚР ұлттық Құрамасы бас бапкері - Шаранов Мақсат

Olympic.kz сайтында "ЖАРЫСТЫ АСЫҒА КҮТІП ЖҮРМІЗ": ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАҢА МАУСЫМ ҚАЛАЙ ӨТУДЕ? - атты мақаласындағы ұлттық Құрамамыздың бас бапкері - Шаранов Мақсат: “Жаттығу жиынының аз болғаны кері әсерін тигізді...” және тағы да басқа мәселелерді қамтып, өз ойымен бөлісті.
Арнайы ОLYMPIC.KZ үшін: “Жаттығу жиынының аз болғаны кері әсерін тигізді...” және тағы да басқа мәселелерді қамтып, өз ойымен бөліскен, ҚР ұлттық Құрамасы бас бапкері - Шаранов Мақсат

«Алғашқы триместр біз үшін сәтті болды деп айта алмаймын. Спортшылардың дайындығы аз, одан бөлек, қарда жаттығу жасаған жоқпыз. Еуропаға келу де оңай болған жоқ. Виза алу сынды мәселелер алдымыздан шықты. Дегенмен, біз үшін бәрі ойдағыдай өтіп, жаңа маусымды дер кезінде бастадық. Әлем кубогінің алғашқы үш кезеңіне ғана қатысып, елге қайтуды жоспаралғанбыз. Бірақ жол біраз уақыт алатынын, әрі коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін ескеріп, кубоктік дода арасындағы үзілісте Еуропада қалдық. Словенияның Поклюка қаласында жақсы дайындық өткіздік. Бұл елдің федерациясымен ара-қатынасымыз жақсы, оның үстіне, аталған мемлекетте биылғы әлем біріншілігі өтеді. Сондықтан, мұндағы жаттығу жемісті өтті дей аламын.

Оберхофтағы әлем кубогінің бесінші кезеңінде Елизавета Бельченко мен Владислав Киреев сингл-микст бойынша алғашқы ондыққа енді. Бұл біз үшін жақсы нәтиже. Өйткені, соңғы үш жылда біз эстафетадан мұндай нәтиже көрсетпеген едік. Оның үстіне, кубоктік ұпайлар да жиналды. Жалпы, команда мүшелері өте жас. Мәселен, ерлер командасындағы орташа жас мөлшері 22-ні құрайды. Сондықтан, біздің спортшылардың болашағы алда. Жақын арада біздің қатарымызға жарақатынан айыққан Галина Вишневская қосылады. Ол эстафетада көмекке келмекші. Оған дейін IBU кубогінде бақ сынайды.

Қорыта айтар болсам, жаттығудың мүлде аз болғанына қарамастан, әлемдік додаға түсіп, барынша тырысып жатқан команда мүшелеріне алғыс айтамын», - деп бөлісті арнайы olympic.kz cұхбаты үшін ҚР ұлттық бас бапкері - Шаранов Мақсат.

Толығырақ: https://olympic.kz/kk/article/17344?fbclid=IwAR2maB-Q_HoygNYCoVPA-fVp54ouje12-GlX8Q1-yMfLYgbbxgoeZK-RVjo 

Фото @biathlon_kaz