Құрғамбаев Айталап Қалабайұлы
Қазақстан биатлоншылар одағының бірінші вице-президенті — Айталап Құрғамбаев.
Айталап Қалабайұлы — спортты теорияда да, практикада да жетік меңгерген маман. Ол еңбек жолын университетте оқытушылықтан бастап, кейін спорт менеджменті саласында үлкен белестерді бағындырды. Кезінде әйгілі «Медеу» мұз айдынын басқарып, елордалық Туризм және спорт басқармасының жетекшісі болды, сондай-ақ халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен Сочидегі Олимпиадалық университетте білімін шыңдады.
Өзі де Спорт шебері саналатын Айталап Құрғамбаев отандық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.