Лука Бормолини

Лука Бормолини

Жастар құрамасының кеңесші-жаттықтырушысы

Лука Бормолини - биатлоннан халықаралық деңгейдегі жоғары білікті маман. Ұлттық, жастар мен жасөспірімдер командаларын дайындау жүйесінде 12 жылдан астам тәжірибесі бар.

Кәсіби тәжірибесі: 

2024–2025 жылдары-Чехия командасының әйелдер командасының бас бапкері.

2022–2024 жылдары-Оңтүстік Кореяда Олимпиадалық жастар құрамасының жаттықтырушысы.

2020–2023 жылдары Жаңа Зеландия құрамасының команда көшбасшысы Кэмпбелл Райттың жеке бапкері.

Австралия, Бразилия  құрамаларымен халықаралық жобаларда жұмыс атқарған.

Басты жетістіктері:

Оның жетекшілігімен Кэмпбелл Райт жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында алтын медаль еншілеп, бұл жетістік Жаңа Зеландия тарихында биатлоннан тұңғыш медаль ретінде тіркелді.Оның басқаруымен Чехия әйелдер құрамасы 2024/2025 маусымында үлкен прогресс көрсетіп, әлемдік биатлон көшбасшыларының қатарына қосылды. Команда Ленцерхайдедегі Әлем чемпионатында 2-орынға ие болып, Контиолахтидегі Әлем Кубогы кезеңінде үздік нәтижелер көрсетті.