«Тарихтың айтуы бойынша ...» айдары. Қазіргі биатлонның қалыптасуы

«Тарихтың айтуы бойынша ...» айдары. Қазіргі биатлонның қалыптасуы
Алғаш рет 1924 жылғы Францияның Шамони қаласында өткен Олимпиадаға қатысқан, сол кездегі «әскери патрульдік жарыс» қазіргі,заманауи биатлонға айналу жолында бірқатар жаңа ашылулардан өтті.
«Тарихтың айтуы бойынша ...» айдары. Қазіргі биатлонның қалыптасуы

1948 жылдың 3 тамызында әлемдік спорт алаңында  Халықаралық заманаи бессайыстың Одағы (фр. Union internationale de pentathlon moderne, UIPM  құрылады, сонымен қатар аталмыш Одақ биатлонды өз қол астына аладыБір жылдан кейін, 1954 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті биатлонды жеке спорт түрі ретінде танып, бұл өз кезең биатлон тарихында бұрын-соңды болмаған маңызды оқиға болып сақталып қалады. Әрі қарай, биатлон жарыстарының өз алдына бөлек бір жүйе ретінде қарқынды дамуы басталады оның ішінде: 1955 жылы Швейцарияның Маглингген UIPM-де қазіргі заманғы қысқы биатлон тұжырымдамасын бекіту; 1956 жылы 17 қарашада Мельбурндегі Халықаралық заманауи бессайыс Одағының биатлонның қазіргі заманғы жарыстарының ережелерін бекітуі және т.б.  1967 жылдан бастап UIPM өзі заманауи бессайыс пен биатлонның халықаралық федерациясы деп атауы өзгертілдіақырында, 1957 жылы UIPMB Стокгольмде қысқы биатлон жарыстарының өткізілуіне жакапкершілігің өз мойнына алады.

1958 жылы наурыз айында Зальфелденде (Австрия) биатлоннан бірінші Әлем чемпионаты өтеді, оның бағдарламасына тек бір жарыс түріжекежарыс қана енеді. Жарысқа жеті елден 25 спортшы аталып қатысады. Олардың мақсаты 20 шақырымдық қашықтықты пен 4 оқ ату шебін бағындыру. Бұл оқиға биатлон тарихындағы Әлем чемпионаты деңгейіндегі жеке, тәуелсіз спорт түрі ретінде таңылуы болып есте қалады.

Бұдан әрі биатлонның дамуының өмірлік циклінде 1960 жылы тұңғыш рет Олимпиада ойындарының бағдарламасына ресми қосылуы болып есте сақталды. Одан әрі өзгерістер мен даму бір орында тұрмай, келесі қадам  1965 жылы ерлер эстафетасыгдағы ережелердің өзгеруі мен юниорлардың жасының 21 жасқа дейінгі шектелуі болды, және Солтүстік Америка чемпионатының Канададағы Ханзада Джорджта өтуі болды. 1966 жылы ерлер арасында алғаш рет 4х7,5 шақырымдық Әлем чемпионаты аясындағы эстафета өтті.


Дәл сол Чемпионатта өзгертілген ату ережелері бірінші рет қолданылды: енді айыппұл  нысана ортасына тигізгенде ғана болмай, бірақ егер биатлоншы нысананың сыртқы радиусына тиген болса, онда қашықтықты өткізудің жалпы уақытына қосыша минут қосылады, егер ол нысанаға мүлде соқпаса, онда екі айып минут қосылатын болды. 1967 жылы әлем чемпионатында алғаш рет жасөспірімдер де жарыса бастады (ересектемен қатар). Жасөспірімдер арасындағы бірінші әлем чемпионатының бағдарламасына жеке 15 км-лік жарыс және 3х7,5 км эстафета кірді. Биатлонның әрі қарай дамуымен қатар жаңа тәртәптер де пайда бола бастады, мысалы, 1974 жылы Әлем чемпионаты аясында тұңғыш рет спринт жарысы өткізілді, ал 1980 жылдан бастап ол қысқы Олимпиада ойындарының күнтізбесіне енгізілді. 1974 жылы биатлон Солтүстік фестиваль бағдарламасына да сәтті енгізілді.

Келесі маңызды өзгеріс - 1978 жылғы Әлем кубогіБастапқыда жарысқа тек ерлердің жеке жарыс, спринт және эстафеталық жарыстар қатысты. Кейін 1980 жылы атыстардың бірқатар ережелері түзетілді: екі минуттық айыппұл алынып тасталды және сонымен бірге Сараевода биатлоннан әйелдер арасындағы жарыстарды өткізу ережелері бекітілді, ал жасөспірімдер үшін жас шегі 21-ден 20 жасқа дейін төмендетілді, ең бастысы, сол жылы биатлон Қысқы Универсиада бағдарламаларына енгізілді. 1986 жылдан бастап биатлон жарыстары Азия қысқы ойындары мен Арктика қысқы ойындары деңгейіне көтерілді. 1987/1988 маусым ойындарынан бастап әйелдер пәндері Әлем кубогының күнтізбесіне енеді, ал келесі маусымнан бастап ерлер пәндері Еуропа кубогының күнтізбесінде де пайда болады. Осылайша, 1988 жылдан бастап биатлон кубогының екі жарыстарында ерлер де, әйелдер де қатысатын болды. Сол жылы Халықаралық Олимпиада комитеті Францияның Альбервиль қаласындағы 1992 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына әйелдер пәндерін (жеке, спринт және эстафеталық жарыстарын) қосу туралы шешім қабылдады. 1989 жылы әйелдер мен ерлер арасындағы Әлем чемпионаттары біріктіріліп, Фейстриц-ан-дер-Драу, (Австрия) да өтіп, жасөспірімдер арасында (1967-1983 ж.ж. ерлермен және 1984-1988 ж.ж. әйелдермен бірге жарысқан уақыт аяқталыпенді жасөспірімдер бөлек жарыса бастайды. 

1989 жылдың әйелдер жарыстарында қашықтықтары ұлғайып: жеке жарыстарда - 10 км-ден 15 км-ге дейін, спринт - 5-тен 7,5 км-ге дейін және эстафета кезеңінде - 5-тен 7,5 км-ге дейін өзгерді. Сонымен қатар, ересектер мен жасөспірімдер бағдарламасының Әлемдік чемпионатына командалық жарыстар енгізілді. 
Осылайша, біз бүгінде де заманауи биатлонның қарқынды дамуын бақылай аламыз.


Ақпарат көздері:

1.  https://works.doklad.ru/view/Uk1c2TIQCCo.html

2. https://www.championat.com/biathlon/article-3256007-istorija-razvitija-individualnykh-gonok-v-biatlone.html