ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР БИАТЛОНЫ. ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН МАҚСАТТАРЫМЫЗ ҚАНДАЙ?

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР БИАТЛОНЫ. ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН МАҚСАТТАРЫМЫЗ ҚАНДАЙ?
Қазақстан Республикасының биатлоншылар Одағы балалар спортын дамыту стратегиясы мәселелеріне кешенді түрде қарайды және оның жыл сайынғы орындалуын қамтамасыз етеді.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР БИАТЛОНЫ. ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН МАҚСАТТАРЫМЫЗ ҚАНДАЙ?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауынан: «Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет… …Бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және әрине, балаларға басымдық беру керек,»

Балалар спорты дамыуының перспективасы, ел саясатындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Қазақстан биатлоншылар Одағы, ол өз алдына бірқатар іс-шараларды, яғни: ішкі биатлонның мүмкіндіктерін кеңейту; балалар жарыстарының халықаралық деңгейге шығуы; елдің барлық өңірлерінде материалдық-техникалық базаны қамтамасыз ету; IBU секілді әлемдік ұйымдармен байланыс орнату және балалар биатлон спортының сапасын жақсарту жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру секілді ауқымды мәселелерді қосатын, балалар спортының даму стратегиясын құрған болатын. Жүйелі түрде, бірнеше жыл бойы Одақ өз мақсаттарын сәтті жүзеге асырып келеді және балалар мен бұқаралық спортты дамыту жолындағы міндеттерді орындауға динамикалық және сапалы түрде қол жеткізуге мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді жоспарлар қояды.

Спортты дамыту бойынша кешенді тәсіл ретінде, елімізде жыл сайынғы негізде өткізілетін ішкі, ауқымды іс-шараларды атап өту өте маңызды. Қазақстан биатлоншылар Одағының Кубогы сыйына арналған, балалар жарысы 6 кезеңнен тұрады (қыста және жазда үш кезеңнен тұрады). ҚБО кубогының қорытындысы бойынша ең жақсы көрсеткіштері бар екі жас спортшы іріктеліп, жаттықтырушылармен бірге Мәскеуге аттанады. Олар үшін "Анна Богалий Кубогы – SKIMIR" халықаралық деңгейдегі жарыстар өз есігін айқара ашады. "Біздің жарыстарда барлығы үлкен әлем кубогының кезеңіндегі дей өтеді, – деп сипаттайды жарысты ұйымдастырушы, әрі екі дүркін Олимпиада чемпионы Анна Богалий. Біздің жас ұрпақ үшін осындай жоғары деңгейдегі жарыстар-бұл жаңа мүмкіндіктер мен жеңістерге толы , өз алдына бөлек бір трамплин.

Түрлі ішкі және халықаралық жарыстарды ұйымдастырумен қатар, биатлоншылар Одағы жас спортшыларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүйелі түрде ретке келтірді. Мысалы, әр түрлі өңірлердегі балалар жаттықтырушыларына арнайы спорттық инвентарь (шаңғылар, бәтеңке, таяқтар, бекіткіштер) таратылуының қамтамасыз етудің жыл сайынғы процесі.

Балалар спортын дамыту үшін биатлоншылар Одағы жоспарындағы келесі тармақтардың бірі-жасөспірімдер биатлоны үшін жарыстардың географиясын кеңейту. Орта Азия елдері: Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, сондай-ақ Моңғолия бірлесіп ұлдар мен қыздарға арналған жарыстар өткізуді жоспарлап отыр, бұл өз кезегінде халықаралық деңгейдегі балалар биатлонын дамытудағы стратегиялық маңызды оқиға болып табылады.

Қазіргі уақытта келісімдердің соңғы тараптарында тұрған жобаларды атап кеткен жөн. Бұл IBU-мен бірлесіп балалар лагерлерін (спорт кэмп) ұйымдастыру және ҚР барлық өңірлеріндегі балалар жаттықтырушыларының біліктілігін арттыру мақсатында үшін халықаралық мамандарды шақыру.

Жастарды дамытудың кешенді және тиімді стратегиясын ұйымдастыру ҚР биатлоншылар Одағының басты мақсаты болып табылады. Балалар спортын дамыту тұжырымдамасы-еліміздің спорттық болашағының кепілі.