Балаларға арналған Щучинск қаласындағы жазғы спорттық лагерь. ҚР биатлоншылар Одағының IBU қолдауымен ұйымдастырған арнайы жоба

Балаларға арналған Щучинск қаласындағы жазғы спорттық лагерь. ҚР биатлоншылар Одағының IBU қолдауымен ұйымдастырған арнайы жоба
Қазақстан биатлоншылар Одағы тарапынан, 6 және 13 тамыз аралығында Ақмола облысының, Щучинск қаласының жана шаңғы базасы аумағында, балаларға арналған арнайы жазғы спорттық лагерь ұйымдастырылмақ!
Балаларға арналған Щучинск қаласындағы жазғы спорттық лагерь. ҚР биатлоншылар Одағының IBU қолдауымен ұйымдастырған арнайы жоба

 Аталмыш іс-шара ҚБО ұстанатын, еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту бағдарламасының аясындағы жоба.

 Спорттық лагерьге жолдаманы ҚБО Кубогінің бес бірдей  кезеңдерінен сәтті өтіп, үздік нәтиже көрсеткен, еліміздің әр өңірінен жиналған үздік 20 спортшы және олардың 5 бапкерлері іріктеледі. Жайлы жазғы ауа райында, балалар атыс  дайындықтарын, жеке функционалдық дайындықтарын және роллерлермен дайындықтарын өткізетін болады.

 Дәстүрлі оқу-жиынтықтардан аталмыш жазғы лагерьдің айырмашылығы болып, арнайы мастер-класстар мен мотивациялық сабақтар өткізілуі болып табылады. Еліміздің даңқты спорт өкілдері, мысалы,  2010 жылғы қысқы Олимпиадалық Ойындардың күміс жүлдегері әрі  КР биатлоншылар Одағының вице-президенті Елена Хрусталева, балаларға арнайы оку-жаттығулар өткізеді. Сонымен катар, қосымша бонус ретінде 2000 жылғы Австралияның Сидней қаласында өткен Олимпиада ойындарында жеңіл атлетика жеңімпазы Ольга Шишигина  балаларға мотивациялық сабақтар мен мастер класстар өткізетін болады.

 Биатлоншылар Одағы арқылы IBU тарапынан қолдау тауып отырған, жазғы лагерь бағдарламасы өзіне түрлі экскурсиялар, мастер – класстар мен арнайы дайындықтарды қосады. Сонау аумақты іс-шара, балалар мен жасөспірімдерді дамытып жетілдіру мақсатында  жасалған, жүйелі түрде ұйымдастырылған арнайы жоба.

 Әдеттегідей, спорттық лагерьдің аяқталуына орай, барлық қатысушыларға арнайы сый-сияпаттар мен мадақтама қағаздары берілетін болады.

 Биатлоншылар Одағы болса,  өз тарапынан осындай үздік спортшылар іріктелген спорттық лагерьді жыл сайын өткізуге талпынады. Айта кетсек, алғашқы  жоспар бойынша аталмыш лагерьге Еуропаның топ Құрамаларының бапкерлерін шақыру көзделген еді. Алайда, еліміз эпидемиялық көрсеткіш бойынша қызыл аймақ шеңберінде болғандықтан, жоғары қойылған мақсатқа жете алмадық. Дегенменде, жоспарланған іс-шаралардың жолын үзбей, өз еліміздің даңқты спортшыларымызбен бірігіп , балаларға арналған толыққанды бағдарлама ұйымдастырылды.